418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады

  • 173
  • UPD: 23:15, 03.06.2020
Елбасы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед әл-Джаберді қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Араб дипломаты біздің елде 3,5 жыл еңбек еткен. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың нығаюына біраз септігін тигізді. Мәселен, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында визасыз режим орнатуға осы елші ықпалдасқан. Осындай ерен еңбегі үшін Елбасы Мұхаммед әл-Джаберге алғыс айтты. Араб елшісі де Елбасына және қазақ жұртына өз ризашылығын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Сіз біздің елде үш жарым жыл еңбек еттіңіз. Осы аралықта Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлікиері арасындағы қарым-қатынас айтарлықтай нығайды. Екі ел арасында визасыз режим енгізілді. Алдағы уақытта да тағыз байланыста боламыз деген үміттемін.

Мұхаммед әл-Джабер, БАӘ Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Қазақ жерінде қызмет қылу бақыты бұйырды. Екі ел арасында достық қарым-қатынастың орнауына үлкен септігіңізді тигіздіңіз. Мен Қазақстанды жақсы көремін. Осы жерде жүріп үлкен мектептен өттім. Біраз тәжірибе жинадым. Сондықтан Қазақстан мен үшін ең қымбат естелік болып қалады.

Хабар 24 телеарнасы