427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейту тапсырылды

  • 281
  • UPD: 10:37, 04.06.2020
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейту тапсырылды

Премьер-министрдің орынбасары Е.Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық жағдай, халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, шетелдегі ҚР азаматтарын елге қайтаруды ұйымдастыру және басқа да өзекті мәселелер қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов өз баяндамасында кейбір өңірде қарантин шараларын жеңілдету коронавируспен ауырғандар санының көбеюіне себеп болғанын атап өтті.

Осыған орай, премьер-министрдің орынбасары Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары әкімдіктеріне өңір бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына бақылауды күшейтуді, оның ішінде шектеу шараларын күшейту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

«Өңір әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауы тиіс. Талаптарды орындамаған бизнес субъектілерінің қызметін анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше уақытша тоқтату қажет. Бұл шаралар азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды», — деді Е. Тоғжанов.

Отырыс қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары Е.Тоғжанов бірнеше нақты тапсырма берді.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

 

Хабар 24 телеарнасы