410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат Төрағасы АҚШ Елшісімен кездесті

  • 187
  • UPD: 23:16, 05.06.2020
Сенат Төрағасы АҚШ Елшісімен кездесті

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси қарым-қатынас мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сенат Төрағасы ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың саяси реформаларын заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталған Палатаның жұмысына тоқталып, Мемлекет басшысының жаңғыртылған жалпы күн тәртібін сөз етті.

Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев Қазақстанның демократиялық үдерістерді дамытуды жалғастыруға ниетті екеніне баса мән беріп, екі елдің парламент өкілдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.

senate.parlam.kz

Хабар 24 телеарнасы