426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ-қырғыз шекарасынан жүк көліктерін өткізу мәселесі талқыланды

  • 287
  • UPD: 23:28, 08.06.2020
Қазақ-қырғыз шекарасынан жүк көліктерін өткізу мәселесі талқыланды

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қырғызстандық әріптесі Чингиз Айдарбековпен екі ел шекарасынан жүк көліктерін өткізу мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Қырғыз тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында екі жақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланды. Шекаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына, оның ішінде екі елдің мемлекеттік шекарасы арқылы жүк автокөліктерінің өту мәселелеріне ерекше назар аударылды», - деді Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы.

Хабар 24 телеарнасы