417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет басшысы: Тұрақты жұмыс орындарын құруды барынша қамтамасыз ету қажет

  • 157
  • UPD: 14:06, 09.06.2020

Үкіметтің басты міндеті – қысқа мерзім ішінде экономикалық дағдарысқа дейінгі даму қарқынын қалпына келтіру.

Премьер-министр Асқар Мамин осылай деді. Алайда көштен қалып келе жатқан өңірлер бар. Мысалы, соңғы бес айда Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласындағы көрсеткіш республикалықтан төмен. «Ендігі міндет, отандық өндірісті қолдау, инвестиция тарту, экспортты дамытып, халықтың жұмыспен қамтылуын сақтауды және тұрақты жұмыс орындарын құруды барынша қамтамасыз ету қажет», – деді Үкімет басшысы. 

Асқар Мамин, ҚР Үкімет басшысы:

– Қазіргі таңда экономикалық жағдай тұрақталып келеді. Нақты сектор өсімнің сенімді серпінін көрсетіп отыр. Біздің міндетіміз – қысқа мерзімде экономикалық дағдарысқа дейінгі даму қарқынын қалпына келтіру. Бұған экономиканы қолдау мақсатында қабылданған шұғыл шаралар және биыл жыл соңына дейін экономиканы қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру ықпал етуі керек.

Хабар 24 телеарнасы