423,92 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швецияда Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатына жоғары баға берілді

  • 496
  • UPD: 15:10, 12.06.2020

Саясаттанушылар мен сарапшылар Орталық Азияда ынтымақтастықты нығайтуға еліміздің қосқан зор үлесіне назар аударды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Швеция қауіпсіздік және даму саясаты институтының директоры Сванте Корнеллдің пікірінше, Қазақстанның сыртқы саясатын аймақтағы өзге елдер де қостады.

Сванте Корнелл, Швеция қауіпсіздік және даму саясаты институтының директоры:

– Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты державалар мүдделері арасында тепе-теңдік сақтау және өз елінің дербестігі мен тәуелсіздігін күшейтуге негізделген. Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент қызметіндегі алғашқы жылында сыртқы саясат мәселелері маңызды болған. Ол Орталық Азияда ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қадамдар жасады. Ішкі саясат та назарынан тыс қалған жоқ. Сондай-ақ күресуге тура келген қос проблема шықты. Бұл – COVID-19 пандемиясы және мұнай бағасының құлдырауынан туындаған экономикалық тоқырау. Осы мәселелерді еңсеруде Президент оған тән көшбасшылық қасиеттерін көрсеткенін айтқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы