418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат төрағасы Жапония елшісімен кездесті

  • 293
  • UPD: 15:08, 12.06.2020
Сенат төрағасы Жапония елшісімен кездесті

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Тацухико Касаймен кездесті.

Кездесу аясында парламентаралық байланыстардың келешегі, сондай-ақ екіжақты экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабаралады ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Мәулен Әшімбаев қазақстандық парламентшілердің жапон әріптестермен екіжақты сипатта да, халықаралық парламенттік ұйымдар, атап айтқанда парламентаралық Одақ аясында да өзара нәтижелі іс-қимылды дамытуға мүдделі екендігін нақтылады.

Хабар 24 телеарнасы