419,48 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенат депутаттарының сайлауына 254,5 миллион теңге бөлінді

  • 422
  • UPD: 20:20, 12.06.2020
Сенат депутаттарының сайлауына 254,5 миллион теңге бөлінді

Биыл Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына республика бюджетінен 254,5 миллион теңге бөлінеді.

Бұл қаражат Мәслихат депутаттарының іссапарына, сайлау комиссияларының қызметі мен ұйымдастыру жұмыстарына, сайлау нысандарын рәсімдеу мен бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялауға жұмсалады. 13 маусымнан бастап Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу басталады. 12 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 18:00-де барлық аймақта үміткерлерді ұсыну шарасы аяқталады.

Берік Имашев, ҚР орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Бүгін ҚР Президентінің Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы жарлығы жарияланды. ҚР Конституциясына сәйкес, Сенат Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және ҚР астанасынан 2 адам өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады.

 

Хабар 24 телеарнасы