419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркиядан гуманитарлық көмек жетті

  • 576
  • UPD: 22:15, 15.06.2020

Бүгін Түркия елінен Қазақстанға гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Анкарадан – Атырауға жөнелтілген жүктің жалпы салмағы 1 тоннаға жуық. Жоғары сапалы медициналық бетперделер, арнайы киім, латексті қолғап, көзілдірік пен өзге де құралдар арнайы ұшақпен әкелінді. Екі ел арасындағы әуе рейстері 20 маусымда қайта басталады. Көмекті еліміздің Түркиядағы елшілігінің ұйытқы болуымен «Магденли» компаниясы ұйымдастырды. Гуманитарлық жүк  Атырау облысындағы мекемелерге беріледі. Алыстағы ағайын пандемия басталғалы Қазақстанға бірнеше мәрте пневмонияны емдейтін және вирусқа қарсы препараттармен қатар түрлі деңгейдегі медициналық құрал-жабдықтарды жіберген.

Керем Магденли, түрік кәсіпкері:

– Қазақстанда 90 жылдардан бері қызмет атқарып келеміз. Сондықтан бұл қысылтаяң кезеңде кішкене болса да көмегіміз тисін дедік. Гуманитарлық заттар қауіпті індетке қарсы күресте алдыңғы шепте жүретін денсаулық сақтау қызметкерлеріне жеткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы