427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


CAMCA аймақтық форумы өз жұмысын онлайн режимінде бастады

  • 278
  • UPD: 14:37, 16.06.2020
CAMCA аймақтық форумы өз жұмысын онлайн режимінде бастады ҚР СІМ

2020 жылғы 16 маусымда алғаш рет виртуалды форматта Орталық Азия, Моңғолия, Кавказ және Ауғанстан өкілдерінің қатысуымен СAMСA аймақтық форумының жұмысы басталды (Central Asia-Mongolia-Caucasus-Afghanistan, CAMCA).

Форумды АҚШ-тағы ең беделді аналитикалық орталықтардың бірі, белгілі ғалым Фредерик Старр бастамасымен Орталық Азия және Кавказ Институты, сондай-ақ америкалық беделді Дональд Рамсфельд қоры ұйымдастыруда, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шараның негізгі тақырыптары ретінде коронавирус пандемиясымен күрес, аймақаралық сауданы және кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік мәселелері және цифрлық трансформацияның негізгі аспектілері талқыланатын болады.

Қазақстандық тараптан еліміздің АҚШ-тағы Елшісі Ержан Қазыханов пен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетов қатысушыларға арнап ілтипат лебізін жолдады.

Форум 19 маусымға дейін жалғасады, панельдік пікірталастар күн сайын онлайн режимде өтеді. Панельдік сессиялардың бағдарламасымен camcaforum.org сайтында танысуға болады

Келесі аймақтық форум 2021 жылы Алматыда өтеді деп күтілуде.

CAMCA дәстүрлі түрде аймақ елдері арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың негізгі мәселелерін талқылау үшін ресми, ғылыми және іскер топтардың, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдерін қамтиды.

Хабар 24 телеарнасы