424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде қоқыс жағатын зауыттар ашылады

  • 252
  • UPD: 11:39, 17.06.2020
Елімізде қоқыс жағатын зауыттар ашылады

Елімізде жыл сайын 5 млн тонна қоқыс жиналады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның тек 15 пайызы ғана қайта өңделіп жатыр. Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары мұндай қалдықтарды баламалы энергия көзіне айналдыру туралы заң жобасын 1-ші оқылымда мақұлдады. Депутат Құралай Қаракеннің хабарлауынша, аталмыш жоспарды орындау үшін бүкіл республика аумағында жаңа зауыттар ашылатын болады. Соның арқасында салаға инвестиция тарту мүмкіндігі бар. Егер қалдықтар қайта өңделетін болса, қолданыстағы қоқыс полигондарының аумағы кішірейеді. Айта кетейік, қазір әлемде 2 мыңнан астам қоқыс өңдейтін зауыт бар. АҚШ мемлекеті бұл салада көш бастап тұр. Швеция мамандары қалдықтардың 99 пайызын өртеп, энергия көзіне айналдырады. Ал тағы бірқатар ел энергия алу үшін  қоқыстарды арнайы сатып алады. Егер бұл заң жобасы жүзеге асса Қазақстанда қалдық көлемі біршама азятыны анық, деді депутаттар.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы