422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Мамин ресейлік әріптесімен телефон арқылы сөйлесті

  • 226
  • UPD: 21:53, 18.06.2020
А.Мамин ресейлік әріптесімен телефон арқылы сөйлесті

Премьер-министр Асқар Мамин Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері айтылды. Сауда-экономика, отын-энергетика, көлік, инвестиция және басқа да салалардағы Қазақстан – Ресей екіжақты ынтымақтастығының жай-күйі талқыланды. Ресей үкіметінің басшысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы лебізін білдіріп, тезірек сауығуын тіледі.

Хабар 24 телеарнасы