423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасының атына Өзбекстан Президентінен жеделхат келіп түсті

  • 315
  • UPD: 10:38, 19.06.2020
Елбасының атына Өзбекстан Президентінен жеделхат келіп түсті

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің атына Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтен жеделхат келіп түсті.

Шавкат Мирзиёев Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдады деп хабарлайды elbasy.kz.

«Сізге осынау қиын-қыстау уақытта жан-жақты қолдау көрсетуге және жаныңызда болуға дайын екенімді жеткізгім келеді.

Жақын арада Сіздің бұл вирусты жеңіп, сауығып кететініңізге сенімдімін.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Алла Тағала Сізге зор денсаулық, күш-қуат, ұзақ ғұмыр және жаңа табыс берсін деп тілеймін.

Жақында өзіңізбен жүздесу мүмкіндігі туады деген үміттемін», - делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы