424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Байбек тұрғындармен онлайн кездесті

  • 312
  • UPD: 15:29, 23.06.2020
Б.Байбек тұрғындармен онлайн кездесті

«Nur Otan-дықтар» өзекті мәселелерді әлеуметтік желілер арқылы реттеуге кіріскен. 

Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram парақшасында жазды. Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында партияның қоғамдық қабылдаулар саны еселеп артқан. Биыл партия өкілдері өңірлерде 196 мың өтінішті қабылдаған. Бүгін Бауыржан Байбек Ақмола облысының тұрғындарымен желі арқылы тілдесті. Онда Зеренді ауылының медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі сөз болды. Орталық аудандық аурухананың педиатр-дәрігері Гауһар Шәріпованың айтуынша, мекеменің 36 қызметкерінің баспанасы жоқ. Ауруханада мамандар тапшылығы байқалады. Партия төрағасы бұл мәлелелер жақын арада шешіліп, дәрігерлер баспанамен қамтылатынын айтты.  

Бауыржан Байбек,  Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше әкімдермен болған жиналыста медицина қызметкерлерін материалдық және моральдық қолдау қажеттігі туралы тағы да айтты. Сондықтан бұл мәселе партия назарында болады. 40 пәтерлік тұрғын үй құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, жер телімі бөлініп, бюджеттік өтінім берілді. Мәслихаттың таяудағы сессиясында біздің фракцияның қолдауымен қажетті қаражат бөлінеді.

Хабар 24 телеарнасы