432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БАӘ басшылығы Елбасының тез сауығуын тіледі

  • 244
БАӘ басшылығы Елбасының тез сауығуын тіледі

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Халифа Бен Заид Әл Нахаяннан және аталған елдің Вице-Президенті, премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумнан жеделхаттар келіп түсті.

Олар Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. «Алладан сізге зор денсаулық, амандық, ұзақ өмір, отбасыңызға және достас Қазақстан Республикасының халқына жақсылық сұраймыз. Біздің зор құрметіміз бен ыстық ықыласымызды қабыл алыңыз», - делінген жеделхаттарда.

Хабар 24 телеарнасы