421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат депутаттығына 88 үміткер тіркелді

  • 265
  • UPD: 21:22, 25.06.2020

Бүгінге дейін еліміздің Парламент Сенатындағы бір депутаттық орынға 5 үміткер тіркелді.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. Онлайн форматта өткен жиында екі мәселе қаралды. Алғашқысы кандидаттарға бюджеттен берілетін қаржы сомасы белгілеу. Ал екіншісі Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурстарының пайдалану регламентін бекіту туралы болды. Биыл депутаттыққа үміткерлерге 450 мың теңгеден беріледі. Қаржы сайлауалды науқанында мақсатты түрде жұмсалуы тиіс. Оны жергілікті сайлау комиссиясы бақылайды.

Сәбиля Мұстафина, ҚР орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

- Қазіргідей жағдайда әрбір үміткер жергілікті өңірде бекітілген карантин талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Егер үгіт-насихат мақсатында өтуі тиіс кездесулер кейінге шегерілсе, немесе болмай қалса, игерілмеген қаржы мемлекет бюджетіне қайтарылады. Сондай-ақ сайлау қорындағы үміткердің жеке қаржысы сегіз жарым миллионнан аспауы тиіс. Ал еріктілер мен қолдаушылардан келген сома 21 млн 250 мың теңгеден көп болмау керек.

Сондай-ақ жиында Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурстарын пайдалану регламенті бекітілді. Бұл жүйе мәслихат депуттарын тіркеу және дауыс берудің алдын ала қорытындысын онлайн режимде шығаруға мүмкіндік береді. Жүйе бұған дейін 2017, 2018 және 2019 жылы өткен сайлауларда табысты қолданылған. Сондықтан мамандар жүйе хакерлерден қорғалған, ешқандай қауіп жоқ екеніне сендірді.

Хабар 24 телеарнасы