426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бірқатар елшісі дипломатиялық дәрежеге ие болды

  • 180
  • UPD: 11:00, 02.07.2020
Қазақстанның бірқатар елшісі дипломатиялық дәрежеге ие болды

Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызмет күніне орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келесі лауазымды тұлғаларға Төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесін берді.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлайды. 

Атап айтқанда:

- Асқар Оразалыұлы Шәкіров – ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары;

- Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов – Қазақстанның Грузиядағы Елшісі;

- Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев – Қазақстанның Жапониядағы Елшісі;

- Роман Юрьевич Василенко – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысымен бірқатар қазақстандық дипломаттарға кезекті дипломатиялық дәрежелері мен ҚР Президентінің Құрмет грамотасы берілді.

Хабар 24 телеарнасы