Грузия кәсіпкерлері елімізге өкпені жасанды желдету аппаратының 10 данасын жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазір бұл мемлекетте жағдай тұрақты. Сондықтан ел азаматтары осындай істі қолға алып отыр.
Бауыржан Мұхамеджанов, ҚР-ның Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі:
– Қиындықта қол ұшын бергеннен асқан берік достық жоқ дегенге тағы бір рет көзім жетті. Өздеріңіз білетіндей, соңғы кезде Қазақстанда індет өршіп кетті. Осындай уақытта Грузия кәсіпкерлері бізге көмек беріп жатыр. Солардың бірі – белгілі бизнесмен Давид Бежуашвили. Ол өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алып, біздің елшілікке жіберді. Бүгін жүкті Қазақстанға жөнелттік. Жуық арада елге жетеді деп ойлаймыз.