420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


В.Путин Н.Назарбаевқа: Мен көпжылдық достығымызды қадірлеймін және мақтан тұтамын

  • 238
  • UPD: 11:36, 03.07.2020
В.Путин Н.Назарбаевқа: Мен көпжылдық достығымызды қадірлеймін және мақтан тұтамын РИА Новости

Тұңғыш Президент атына Елорда күні мен Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай көптеген хат келіп түсуде.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Елбасына арнайы бейнеқұттықтау жолдады. «Мен біздің көпжылдық достығымызды қадірлеймін және мақтан тұтамын», - деді Владимир Путин.

Владимир Путин, Ресей федерациясының президенті:

– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізді шын жүректен мерейтойыңызбен құттықтаймын! Мен біздің көпжылдық достығымызды қадірлеймін және мақтан тұтамын. Алғашқы кездесуімізден бастап арамызда ашықтығымен және кез келген күрделі мәселелерді бірлесіп шешуге дайын болуымызбен ерекшеленетін шынайы жолдастық қарым-қатынас орнады. Сіздің даналығыңыз бен көрегендігіңізді, зор жауапкершілігіңіз бен салмақтылығыңызды, өмірлік және басқару тәжірибеңізді барша жұрт мойындады. Сіз өз еліңізде және Ресейде, сондай-ақ бүкіл әлемде көрнекті мемлекет қайраткері және нағыз көшбасшы ретінде жоғары беделге ие болдыңыз. Осы жылдардың ішінде Сіз ұлттық келісімді, тарихи, мәдени дәстүрлерді сақтай отырып, Қазақстанның тұрақты дамуына, болашаққа нық сеніммен қадам басуына зор еңбек сіңірдіңіз.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев өз хатында Елбасының халықаралық аренада зор құрмет пен беделге ие екенін жазған. Испания Королі Фелипе жеделхатында Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің әл-ауқатын қамтамасыз етуге қосқан үлесін ерекше атады. Монако князі Екінші Альбер Елбасын мерейтойымен құттықтап, Қазақстан халқына мықты денсаулық пен бақ-береке тіледі. Сондай-ақ құттықтаған дипломаттардың қатарында Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон, Чехия Республикасының Президенті Милош Земан, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Ғани және Израиль Мемлекетінің Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяху бар.

Хабар 24 телеарнасы