418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға ерекше көңіл бөлді – Қ.Тоқаев

  • 151
  • UPD: 20:46, 03.07.2020

Елордада Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасыға арналған монумент ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шараға онлайн режимде Мемлекет басшысы қатысты. Монумент Ұлттық қорғаныс университетінің алаңында орналасқан.

Президент айтты. «Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі Қазақстанның негізін қалады. Егемен елдің стратегиялық даму жолын айқындап, халықты ортақ мақсатқа жұмылдырды. Тұрақтылық пен татулық, береке мен бірлік – Елбасының сарабдал саясатының нәтижесі. Кез келген мемлекеттің тарихында өшпес із қалдырған бірегей тұлғалар бар. Олардың сіңірген еңбегін бағалай білу және жан-жақты дәріптеу – өскелең ұрпақтың парызы».

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Тәуелсіздік алған сәттен бастап Нұрсұлтан Назарбаев әскери әлеуетімізді қалыптастыру барысында ең күрделі деген мәселелерді шешуге өзі тікелей араласты. Оның басшылығымен халқымыз бен елімізді ықтимал әскери қақтығыстардан қорғау мақсатында армиямыздың перспективалары мен міндеттері, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басымдықтары мен механизмдері айқындалды. Нұрсұлтан Назарбаев Президент болған жылдары әскери құрылымның заңнамалық және құқықтық-нормативтік базасы әзірленді. Сондай-ақ Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамы жасақталып, армияның қарулануы кезең-кезеңімен іске асып, заманауи инфрақұрылым қалыптасты. 

Армия – айбарымыз, егемендігіміздің берік қалқаны екенін жақсы білетін Елбасы еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға ерекше көңіл бөлді. Мемлекет ең қиын кезеңдердің өзінде де заманауи қару-жарақ алу, отандық қорғаныс өнеркәсібінің қуатын арттыруға екпін берді. Әскерилерді баспанамен қамтамасыз ету һәм олардың жалақыларын уақытылы беру, жоғары зейнетақы төлеу де мемлекет саясатының басым бағыты болды. Болып келеді.

Хабар 24 телеарнасы