418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлы Абай қозғаған тақырыптар бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпаған – Саясаттанушы

  • 167
  • UPD: 11:31, 04.07.2020
Ұлы Абай қозғаған тақырыптар бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпаған – Саясаттанушы

Кемеңгер Абайдың шығармалары бүкіл әлемге танымал. Мұхит асып, Америкаға да жеткен. Белгілі саясаттанушы, Нью-Йорктегі баспахана директоры Илья Левковтың пікірінше, ұлы ақын қозғаған тақырыптар әлі күнге дейін өзекті. 

Американдық баспагер үнемі қазақ әдебиетіне қызуғышылық танытып келеді. Илья Левков Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясын қазақ халқының ақыл кодексі деп бағалайды.

Илья Левков, баспахана директоры:

- Абай жаңа ұрпақты тәрбиелегісі келді. Басты мақсаты көшпелі халықты ғылымға тарту болды. Халықтың саналы кодексін құрғысы келді. Абай - әлі күнге дейін қазақ халқын біріктіретін дана тұлға.

Хабар 24 телеарнасы