418,83 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» телеарнасы Елбасы туралы жаңа деректі фильм ұсынады

  • 284
  • UPD: 18:35, 04.07.2020

5 шілде күні сағат 21:30-де «Хабар» телеарнасынан жаңа «Человек-эпоха: дальше и выше мечты» деректі фильмі көрсетіледі.

Фильм авторларының айтуы бойынша, туынды ХХ және ХIХ ғасырлар тоғысындағы жеңісті сәттер мен қиын-қыстау күндерді бейнелейді. Көрермен егемен ел, тұғыры биік тәуелсіз мемлекетті құру мақсатындағы Елбасының бастамасымен атқарылған реформалар, жаңа астананың құрылуы, дүние жүзі және облыстардағы қауіпсіздік пен бейбіт өмірді сақтау жолындағы қарымды қадамдарының куәсі болады.  

Ұлы дәуірдің ұлағаты мен Елбасы жолы – елдік жолы туралы Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов, Зинаида Федотова, Нұртай Әбіқаев, Қайрат Саудабаев, Темірхан Досмұхамбетов, Қайырбек Сүлейменов сынды қоғам қайраткерлері өткен шаққа көз жүгіртіп, сөз қозғайды.

Хабар 24 телеарнасы