418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаев С.Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

  • 177
  • UPD: 13:13, 06.07.2020
Н.Назарбаев С.Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Елбасы Қырғыз Республикасының президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, еліміздің Тұңғыш Президентіне зор денсаулық, ұзақ өмір, мемлекеттік істегі еңбегіне жетістік тіледі. Кейін Қырғыз Президенті Қазақстанның дамуы Елбасы есімімен тікелей байланысты екенін атап өтті. Ал Нұрсұлтан Назарбаев құттықтауы мен жылы лебізі үшін қырғыз басшысына алғысын білдіріп, бауырлас қос елдің достық байланысы одан әрі беки түсеріне сенімді екенін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы