418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаевты түрлі ел басшылары мерейтоймен құттықтап жатыр

  • 108
  • UPD: 17:20, 06.07.2020
Н.Назарбаевты түрлі ел басшылары мерейтоймен құттықтап жатыр

Елбасын 80 жылдық мерейтойымен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин телефон арқылы құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әңгімелесу барысында Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа қажымас қайрат тіледі. Ол Елбасының саяси көрегендігі мен мол тәжірибесі Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестерді күшейтуге септігін тигізетініне сенім білдірді. Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге жылы лебізі үшін алғысын білдіріп, Қазақстан – Ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев те Елбасын мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық тіледі. Телефон арқылы әңгімелесу кезінде өзбекстандық басшы Елбасының Қазақстанды гүлдендіру жолындағы ерен еңбегін атап, жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.

Елбасын телефон арқылы құттықтағандардың қатарында Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко да бар. Әңгімелесу барысында Беларусь басшысы Қазақстанның жарқын болашақтағы жаңа белестерді сәтті еңсеруін тіледі.

Елбасыны 80 жасқа толуымен Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған да құттықтады. Ол Қазақстанның дамуын Тұңғыш Президенттің атымен тікелей байланыстыратынын айтты. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың іргесін қалауда Елбасының маңызды роль атқарғаны жөнінде де тоқталды.

Тағы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Елбасыны туған күнімен құттықтап, аманшылық пен мол табыс тіледі. Тәжік елінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған сара жолдың жалғасатынына және Қазақстан халқының игілігіне арналатынына сенім білдірді.

Елбасыны Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев те айтулы күнімен құттықтады. Мұқалмас жігер тілеп, Ұлт көшбасшысының билік сабақтастығындағы маңызды ролін атады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы