418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тоқаев полицияға карантин режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды

  • 169
  • UPD: 13:42, 10.07.2020
Тоқаев полицияға карантин режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды Vera.kz

Мемлекет басшысы Үкімет отырысында осылай деді.

Қазіргі эпидемиологиялық ахуал қоғамды аса қатты алаңдатып отырғанын алға тарта отырып алғашқы оң үрдістердің байқалып жатқанын да айтты. Сонымен қатар Мемлекеттік комиссия өз жұмысын жандандыра түскені де сөз болды.

«Пандемиямен күрес барысында шұғыл мәселелерді шешу үшін Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінеді. Басты міндет – коронавирустың жұғу қарқынын ауыздықтап, таралуын тоқтату және науқастарды емдеу ісінде айтарлықтай нәтижеге жету.

Індетке қарсы күрес карантин шаралары қатаң сақталған кезде ғана нәтижелі болады. Мұны шетелдің тәжірибесінен көріп отырмыз. Ал біздің елімізде қоғамдық тәртіп едәуір ақсап тұр. Полиция және санитарлық дәрігерлер карантин режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуі керек», – деді Президент.

Хабар 24 телеарнасы