426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Үкімет пен әкімдерге тұрақты жұмыс орындарын көбейтуді тапсырды

  • 223
  • UPD: 13:22, 10.07.2020
Қ.Тоқаев Үкімет пен әкімдерге тұрақты жұмыс орындарын көбейтуді тапсырды Egemen.kz

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Үкімет пен әкімдерге тұрақты жұмыс орындарын көбейтуді тапсырды.

Мемлекет басшысы бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.  

«Біз «Жұмыспен қамту жол картасын» қабылдадық. Оны жүзеге асыру үшін 1 трлн теңге қаржы бөлдік. Бірақ жоспарда көрсетілгендей 255 мың емес, 150 мыңға жуық адам ғана жұмысқа орналасты. Жобалардың дені, негізінен, жөндеу жұмыстарына бағытталған.

Жобалардың 6 пайызында ғана тұрақты жұмыс орны қарастырылған. Оның өзінде мемлекеттік секторларда, яғни мектептер мен ауруханаларда. Мұндай жұмыс мені қатты алаңдатады. Үкімет әкімдермен бірлесіп, шұғыл түрде тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге кірісуі керек», – деді Қ.Тоқаев.

Хабар 24 телеарнасы