425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СІМ: Түркиядағы қандастарымыз сатып алған медициналық жабдықтарын жібере алмай жатқаны жалған

  • 505
  • UPD: 17:39, 12.07.2020
СІМ: Түркиядағы қандастарымыз сатып алған медициналық жабдықтарын жібере алмай жатқаны жалған

Түркиядағы қазақ диаспорасы қаражатынан алынған медициналық бұйым мен жабдықтардың екі аптадан бері Қазақстанға жіберілмей жатқандығы жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Әлеуметтік желілерде Түркиядағы қазақ диаспорасы қаражатынан сатып алынған медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық жабдықтардың екі аптадан астам уақыт ішінде Қазақстанға жіберілмей жатқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар, Үкімет бұл жүкті Қазақстанға жеткізуге көмек көрсетуді әдейі созып отыр деген ақпарат негізсіз. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Анкара мен Ыстанбұл қалаларынан Түркия үкіметінен ресми гуманитарлық көмекті, Түрік қазақтары қауымдастығы (KATEAD) мен Қазақстан азаматтарының бастамашыл тобы сатып алған жүкті елімізге жеткізуді пысықтап жатқандығын хабарлаймыз», делінген министрліктің Telegram-дағы парақшасында. Бұл жүктерді жеткізудің жалпы үйлестіру жұмыстарын Қазақстанның Түркиядағы елшілігі жүзеге асырады. Сондай-ақ, осы ынтымақтастық туралы ақпаратты KATEAD сайтында жариялады.

«Жүктерді авиакомпаниямен Анкара-Алматы бағыты бойынша жеткізу ағымдағы жылдың 14 шілдесіне жоспарланған. Осы ретте жалған немесе тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймыз», делінген хабарламада.

 

 

Хабар 24 телеарнасы