418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев вируске қарсы қауіпсіздік қағидаларын ұстанудың маңыздылығын еске салды

  • 173
  • UPD: 21:23, 13.07.2020
Қ.Тоқаев вируске қарсы қауіпсіздік қағидаларын ұстанудың маңыздылығын еске салды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев вируске қарсы қауіпсіздік қағидаларын ұстанудың маңыздылығын тағы да еске салды.

«Азаматтардың назарын жеке қауіпсіздік шараларын, оның ішінде, бетперде тағып, әлеуметтік қашықтық пен тазалық сақтаудың аса маңызды екеніне аударамын. Егер мұны ұстанбасақ, пандемияға қарсы күресте оң нәтиже болмайды» деді Президент твиттерде.

Хабар 24 телеарнасы