422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тоқсан төрт қазақстандық Сенат депутаттығынан үміткер

  • 337
  • UPD: 22:49, 13.07.2020

Біздің елде Парламент Сенатының сайлауына кандидаттарды тіркеу жалғасуда. Әзірге 94 азамат жоғары палата депутаттығына үміткер.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев хабарлады. Кандидаттардың ең кішісі 30, ал ең үлкені 69 жаста. Үміткерлерді тіркеу 23 шілдеге дейін жалғасады. Ал дауыс беру 12 тамызда өтеді. Сол күні Парламенттің жоғары палатасына 17 облыстан 17 депутат сайлануы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы