419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан парламентшілері: вьетнамдық әріптестеріміз коронавируспен күресте қолдау көрсетті

  • 288
  • UPD: 10:41, 16.07.2020
Қазақстан парламентшілері: вьетнамдық әріптестеріміз коронавируспен күресте қолдау көрсетті

ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі басшылығының келісімі бойынша Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық жиналысы (Вьетнам Парламенті) елімізде коронавирустың таралуына қарсы гуманитарлық көмек ұйымдастырды.

Вьетнамдық парламентшілер гуманитарлық көмек ретінде жіберген жеке қорғаныс құралдары Атырау облысындағы медициналық мекемелерге жіберілді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Аймақтағы медициналық ұйымдарға уақтылы жеткізу және таратуды Мәжіліс пен Сенат депутаттары бақылауына алды. Қазіргі уақытта Мәжіліс депутаттары елімізде коронавирустық инфекциямен күресу бойынша кешенді жұмыстарға белсенді араласуда.

Хабар 24 телеарнасы