421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенатор Бас прокурорға хат жолдады

  • 186
  • UPD: 14:00, 27.07.2020
Сенатор Бас прокурорға хат жолдады

Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед жасанды дәрілерді даярлауға қатысты жазаны қатаңдатуды сұрап, Бас прокурордың атына хат жолдады.

Хатта ол дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сату, тарату және сақтаумен айналысатын мекемелерді шұғыл түрде тексеру керектігін жазды. Сенатор таяуда ғана Алматыда жасанды дәрілік препараттарды даярлайтын цех пен заңсыз өнімдерді сақтайтын қойма табылғанын еске салды. Онда жалпы көлемі 100 тоннадан асатын дәрілік заттар тәркіленген.

«Осыған байланысты сенатор мұндай сорақы қылмыстың орын алуы ел қауіпсіздігіне төнген зор қатер деп бағалануға тиіс» деп жазған. Сонымен қатар Мұхтар Құл-Мұхаммед саладағы қылмыстың ауқымы, адам өмірі мен денсаулығына тигізетін ауыр зардаптары қылмыстық жауапкершілік тұрғысынан саралануы тиіс екеніне тоқталды. 

Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Парламенті Сенаты халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы:

- Мемлекеттің барлық қажетті жағдайды жасағанына қарамастан біз дәрілік құралдар мен медициналық бұйымдардың жаппай жетіспеушілігіне және олардың қымбаттауына куә болып отырмыз. Бұл арада бағаны қымбаттату мен жасанды түрде сұранысты арттыру жөнінде өзара ымыраласудың орын алу мүмкіндігін құзіретті органдар, оның ішінде Бас прокуратура анықтау керек.

Хабар 24 телеарнасы