429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат сайлауына Жамбыл облысынан үш үміткер тіркелді

  • 294
  • UPD: 20:28, 28.07.2020

Елдегі Сенат сайлауына Жамбыл облысынан үш үміткер  тіркелді. Осы күнге дейін аумақтық сайлау комиссиясына барлығы 5 өтініш түскен екен. Алайда қалған екі кандидат өтінішін қайтарып алған.

Мамандардың хабарлауынша, бұл үміткерлердің екеуі мемлекеттік қызметкер, үшіншісі мемлекеттік кәсіпорынның басшысы. 

Серғали Айдапкелов, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Кандидаттардың орта жасы 51-ді құрайды. Ең жас кандидатымыз 41 жаста. Қазіргі кезде тіркелген кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарымен айналысуда. Ал сайлау комиссиясы мында сайлаудың өткізу жұмыстарының ұйымдастыру мәселелерімен айналысып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы