431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат Төрағасы елордадағы әлеуметтік дәмхананың ұжымымен кездесті

  • 209
  • UPD: 18:44, 31.07.2020

Құрбан айт күні Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев елордадағы «әлеуметтік» дәмханаға арнайы барып, мекеме ұжымымен кездесті.

Дәмхана карантин кезінде қонақтарға тек ашық аспан астында қызмет көрсетеді. Кездесу барысында Сенат төрағасы елдегі әлеуметтік кәсіпкерліктің маңыздылығына ерекше тоқталды.

«Алдағы уақытта Қазақстанда осындай дәмханалар мен кәсіпорындар көптеп ашылуы үшін заңнамалық тұрғыдан реттеуге қажетті көмек көрсетеміз», - деді Мәулен Әшімбаев.

Қазіргі таңда Қазақстанда 200-ге жуық әлеуметтік бизнес нысаны бар. Алайда бұл сала әзір заңнамалық тұрғыдан реттелмеген. Сенат төрағасы дәмхана қызметкерлерін Құрбан айт мейрамымен құттықтап, олардың әрқайсысына ет салынған азық-түлік қоржыны мен естелік сыйлықтар тарту етті.

Хабар 24 телеарнасы