421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат сайлауында Шымкенттен үш үміткер бақталасады

  • 253
  • UPD: 21:32, 03.08.2020

12 тамыз күні өтетін Сенат сайлауына Шымкентте бастапқыда 4 азамат қатысуға ниет білдірген.

Кейіннен бір кандидат денсаулығына байланысты додаға түсуден бас тартты. Қазір қалған үміткерлер онлайн түрде сайлау алды үгіт-насихат шараларын жүргізіп жатыр. Үміткерлердің бірін қалалық мәслихат депутаттары ұсынған. Қалған екеуі өзін өзі ұсынғандар. 5 тамыз күні  аумақтық сайлау комиссиясының бекіткен кестесіне сай кандидаттар таңдаушылармен онлайн байланыс арқылы кездесу өткізеді. Мұндағы таңдаушылар қалалық мәслихат депутаттары. Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша үміткерлердің орташа жасы – 40-45. 

Қайырбек Құнанбаев, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Бұл сайлаудың бір ерекшелігі бұл жерде дауысты таңдаушылар ол 26 Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары сайлауға қатысады. Біріншіден оларда бетперде болуы керек. Қолғап болуы керек. Олар келген кезде температурасы өлшенуі керек. Содан соң ішке кірген кезде арақашықтық 2-3 метр аралығында отырғызу керек бәрін. Содан соң, әр сайлаушы бірден кірмей бұрынғыдай тек бір адамнан барып дауыс бере алады.

Хабар 24 телеарнасы