419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенат депутаттарын сайлауға дайындық пысықталып жатыр

  • 432
  • UPD: 20:06, 04.08.2020
Сенат депутаттарын сайлауға дайындық пысықталып жатыр

Тамыздың 12-сінде Сенаттың сайлауы өтетіні белгілі.

Жоғарғы палатаға депутат болуға еліміздің шығыс өңірінде 4 азамат үмітті. Қазір олар мәслихат депутаттарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырып жүр. Облыстық аумақтақ сайлау комиссиясы да саяси науқанды өткізуге толық дайын. Өңірдегі әр  деңгейдегі мәслихаттың 301 депутаты Өскемен қаласында дауыс береді. Сайлаушылардың қауіпсіздігі басты назарда. Сол үшін қаладағы ең үлкен спорттық нысанның бірі дайындалған. Сайлау  күні ол нысан толық дезинфекцияланып, дауыс беретін мәслихат депутаттарына маска тағып, қолғап кию міндеттеледі. 

Ерсаин Нәбиев, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Қазір пандемияға байланысты біраз қиындық бар. Бірақ оған қарамастан кандидаттар мәслихат депутаттарымен негізінен онлайн кездесу өткізіп жатыр. Ал сайлау күні дауыс беру кезінде  сайлаушылардың 1,5-2 метр арақашықтықты сақтауын ерекше қадағалайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы