423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысынан Сенат сайлауына үш үміткер түседі

  • 405
Түркістан облысынан Сенат сайлауына үш үміткер түседі

12 тамызда өтетін Сенат сайлауына Түркістан облысынан 3 үміткер қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашында жоғарғы палатаға депутат болуға 5 азамат ниет білдірсе, кейін олардың екеуі өз еріктерімен өтінішін қайтарып алған. Қазір қалған қатысушылар облыстық сайлау комиссиясының бекіткен ережесіне сәйкес, аудандық және облыстық мәслихат депуттаттарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстыруда. Үгіт-насихат шараларын да онлайн форматта жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, үміткерлердің барлығы өзін-өзі ұсынғандар. Сайлау күні өңірдегі әр деңгейдегі мәслихаттың 262 депутаты дауыс береді. Облыстық аумақтақ сайлау комиссиясы саяси науқанды өткізуге дайындалып жатыр. Сайлаушылардың қауіпсіздігі басты назарда. 

Әлібек Өмірәлиев, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Қазіргі кезде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Ол 2020 жылдың 11 тамызы күні 00-00 сағатта аяқталады. ҚР орталық сайлау комиссиясы мен еліміздің бас санитарлық дәрігерінің бірлескен қаулысы бойынша санитарлық талаптарды орындаудамыз. Сол талаптар бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

 

Хабар 24 телеарнасы