432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Елемесов Қазақстанның Мексикадағы елшісі қызметінен босатылды

  • 287
  • UPD: 12:05, 07.08.2020
А.Елемесов Қазақстанның Мексикадағы елшісі қызметінен босатылды

Андриан Елемесов Қазақстанның Мексика Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлады akorda.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы, Панама Республикасындағы, Коста-Рика Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы