423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенат депутаттығына 46 үміткер тіркелді

  • 418
  • UPD: 20:43, 10.08.2020

Еліміздің барлық өңірлерінен Сенат депутаттығына 46 үміткер енгізілді, хабарлайды «Хабар 24».

Алайда, тіркеуден кейін 12 азамат кандидатурасынан бас тартты.

Жалпы аймақтардан 3-4 кандидат ұсынылған. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3069 мәслихат депутаты енгізілді. Басым бөлігі Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарынан. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мәлімдеді. Сондай-ақ ведомство басшысы облыстардағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық талаптар қабылданғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Парламент Сенатының депутаттарын сайлау 12 тамызда өтеді.

Берік Имашев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Шығыс Қазақстан облысынан 4 кандидаттан, ал 10 өңірден Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 3 кандидат. Қалған өңірлерден 2 кандидаттан. Біздің сайтымыздың функционалы арқылы дауыс берудің алдын ала қорытындылары шығатын болады. Бұл сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді.

Хабар 24 телеарнасы