427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде Сенат депутаттарының сайлауы басталды

  • 768
  • UPD: 14:55, 12.08.2020
Елімізде Сенат депутаттарының сайлауы басталды

Бүгін елімізде Парламент Сенатына сайлау өтеді, хабарлайды «Хабар 24».

Бюллетеньдерде 46 кандидат ұсынылған. Олар жоғарғы палатадағы 17 орынға үміткер болады. Таңдаушылар тізіміне келетін болсақ, оған 3069 мәслихат депутаты кірді. Ең көп сайлаушылар Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында. Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша, санитарлық қауіпсіздікті қатаң сақтай отырып өткізіледі. Сондай-ақ бүгін дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығаруда онлайн бақылау сервистері жұмыс істейтін болады.

Хабар 24 телеарнасы