423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Сенат депутаттығына сайлау ашық аулада өтіп жатыр

  • 166
  • UPD: 12:43, 12.08.2020

Алматы қаласында Парламент Сенатының депутаттарын сайлау басталды, хабарлайды «Хабар 24».

Заң шығарушы органның Жоғарғы палатасының депутаты болсам деген үш кандидат тіркелген.

Ұлан Нарынбек, тілші:

- Бұрын Алматыда Сенат депутатын сайлау қалалық әкімдіктің ішінде өтетін. Бұл жолы коронавирустың таралуына байланысты №159 гимназияның ауласында ұйымдастырылып отыр. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Таңдаушылардың, яғни, жергілікті мәслихат депутаттарының дене қызуы тексеріліп қана кіргізілді. Саниторлық душ пен антисептиктер қойылған. Гимназияның ауласына үлкен шатыр тігілген. Арақашықтыққа да көңіл бөлінген. Сағат 11:00-де дауыс берушілер мен Аумақтық сайлау комиссиясының біріккен отырысы өтті. Алматы қаласынан үш үміткер тіркелген. Біреуі аудан әкімі. Ал, екі кандидат кәсіпкерлікпен айналысады. Сенат депутатын қалалық мәслихаттың 32 депутаты таңдайды.

Хабар 24 телеарнасы