422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте Сенат сайлауына таңдаушылардың 96,1%-і қатысты

  • 191
  • UPD: 14:12, 12.08.2020
Шымкентте Сенат сайлауына таңдаушылардың 96,1%-і қатысты

Шымкентте өткен ҚР Парламенті Сенаты сайлауына таңдаушылардың 96,1%-і қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар».

26 қалалық мәслихат депутатының ішінен тек біреуі ғана денсаулығына байланысты науқанға қатыса алмаған. Еліміз бойынша сағат 11:00-де басталған сайлауда санитарлық талаптар толығымен сақталды. Таңдаушылар арақашықтықты сақтай отырып, кезекпен біртіндеп өз таңдауын жасады. Шымшаһарда өткен саяси науқанда қандай да бір арыз-шағымдар тіркелген жоқ. «Сайлау барысы ойдағыдай өтті», - дейді қалалық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Болат Қыстауов.

Болат Қыстауов, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы:

- 25 таңдаушымыз өздерінің сенім білдірген кандидатына беріп болғаннан кейін сайлау комиссиясы бюллетендерді есептеуге кіріседі. Есептеу нәтижесінде хаттама толтырылады. Сол хаттамамен комиссия төрағасы таңдаушыларды таныстырады да, сосын осы жерге хаттаманың көшірмесі ілінетін болады.

Хабар 24 телеарнасы