427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дан Сенат депутаты болып қайтадан Ольга Перепечина сайланды

  • 410
  • UPD: 18:38, 12.08.2020

Солтүстік Қазақстан облысынан Парламент Сенатының депутаты болып қайтадан Ольга Перепечина сайланды, деп хабарлайды «Хабар».

Ол бұл орында бұған дейін де болған. Мамандығы – экономист. Талай жыл қаржы саласында еңбек еткен маман. Жалпы шешуші науқанға екі үміткер түсті. Біреуі соңғы сәтте қатысудан бас тартты. Сайлау карантинге байланысты санитарлық талаптарға сай өтті. Жергілікті деңгейдегі депутаттар онлайн тіркеуден өтіп, араларында әлеуметтік қашықтық сақталды. Комиссия төрағасының айтуынша, заң бұзушылық анықталған жоқ.

Ерболат Бекшенов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Протокол бойынша екі бюллетень жарамсыз болып шықты. 23 депутат Могунова Донголе Антонасовнаға дауыс берді. 162 депутат Перепечина Ольга Валентиновнаға дауыс берді.

Хабар 24 телеарнасы