432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардан Сенат депутаттығына сайланған адам белгілі болды

  • 230
  • UPD: 18:34, 12.08.2020

Парламент Сенатына Павлодардан сайланған азаматтың есімі белгілі болды. Сайлаушылардың басым бөлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Алтынбек Нұхұлына дауыс берді.

Бүгінгі сайлауға қала-аудандық мәслихаттың 183 депутаты қатысты. Сенат депутаттығына өңірден үш кандидат таңдалды. Олардың барлығы сайлауалды науқан барысындағы жұмыстарын тиісті деңгейде өткізді.

Нұрлан Нәбиев, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Облыс бойынша бір орынға Сенатқа үш үміткер. Санитарлық нормаларды сақтау үшін санитайзерлер қойылған, кіреберістерде барлық жағдай жасалған. Отырған кісілердің арасы екі метр болсын деп орындықтар қойылған. Барлық дәрігерлер температураны өлшеп жатыр.

Раис Гайнуллин, облыстық мәслихат депутаты:

- Сенатқа облыс атынан таңдалған азаматқа артылар үміт зор. Біздің өңірдің күрмеулі мәселелері жетерлік. Менің ойымша, біз сайлаған депутат бірінші кезекте кәсіби маман болу керек. Екіншіден, халыққа жақын болуы шарт. Себебі тұрғындарды алаңдатқан проблемаларды шешу үшін халық арасынан шығу қажет. Бір сөзбен айтқанда, жауапкершілілігі бар азаматты таңдаған абзал.

Хабар 24 телеарнасы