426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы: Бұл дағдарыс – тәуелсіздік жылдарындағы ең күрделісі

  • 240
  • UPD: 08:29, 14.08.2020

Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет басшысын қабылдады.

Асқар Мамин Елбасыға жеті айдағы елдің экономикалық дамуын баяндады. Машина жасау, өңдеу және тау кен өнеркәсібі және құрылыс саласында өсім бар. Нұрсұлтан Назарбаев: «Бұл дағдарыс – тәуелсіздік жылдарындағы ең күрделісі, – деді. – Бізде ғана емес, әлемде жұмыссыздық деңгейі артып, бизнес тығырыққа тірелді. Елдер арасындағы сауда-саттық та айтарлықтай бәсеңдеген. Бірақ қолға алынған шаралар осы қиындықтарды жеңілдетуге біршама сеп болды. Құлдырауға жол берілмеді».

Бұл ретте Елбасы елге демеу болған бизнес өкілдерінің де еңбегін атап өтті. Соңында Елбасы Үкімет басшысына жұмыс орындарын көптеп ашу керектігін айтты.

Хабар 24 телеарнасы