419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алғашқы сағаттарда Nur Otan праймеризіне қатысуға 500-ге жуық адам өтініш берді

  • 504
  • UPD: 18:14, 17.08.2020
Алғашқы сағаттарда Nur Otan праймеризіне қатысуға 500-ге жуық адам өтініш берді Elorda.info

Партияішілік іріктеу – Nur Otan-ның праймеризіне қатысушыларды тіркеу басталды.

Алғашқы бірнеше сағат ішінде 500-ге жуық адам праймеризге қатысуға ниет білдірді, деп хабарланды партияның facebook-тегі парақшасында.

157 өтініш жолдаған Қостанай облысындағы партиялықтар белсенділік танытты. Ақмола облысындағы партия мүшелерінен 110 өтініш келіп түсті. Бастауыш партия ұйымдары 129 адамды ұсынса, 342 адам (72,6%) – өзін-өзі ұсынған кандидаттар.

Праймеризге қатысу үшін өтінішті https://primaries.kz/ сайтында «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн жолдауға немесе аумақтық ұйымдастыру комитеттеріне жеке өтініш беруге болады. Кандидаттарды ұсыну және тіркеу 28 тамызға (қоса есептегенде) дейін жалғасады.

Кандидаттар праймеризге бастауыш партия ұйымының атынан немесе өзін-өзі ұсыну жолымен де қатысуы мүмкін. Бұл ретте партияның құндылықтарын ұстанатын және сайлау құқығы бар кез келген азамат үміткер бола алады. Ол үшін праймеризге қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін Nur Otan-ның қатарына қосылу керек.

Праймериздің негізгі мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдерге енгізу үшін қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған беделді партия көшбасшыларын анықтау.

Сонымен, кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 тамыздан басталып, 28 тамызға (қоса есептегенде) дейін жалғасады. Үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарына дайындалу үшін 7 күн беріледі - 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін.

7 қыркүйектен 3 қазанға дейін аралықта кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын, оның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында жария пікірсайыстар өтеді. Пікірсайыстар «Праймериз» арнайы ақпараттық жүйесі арқылы өтіп, партияның ресми аккаунттарында таратылады.

Хабар 24 телеарнасы