420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Әсет Исекешевті қабылдады

  • 168
  • UPD: 23:01, 17.08.2020

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық қауіпсіздіктің ахуалына бақылау жүргізудің, пандемия жағдайында заңдылықты сақтау мен тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

Елбасы карантиннің жеңілдеуіне байланысты эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті, деп жазады elbasy.kz.

– Бүгіннен бастап карантин шараларын жеңілдету туралы шешім қабылданды. Алайда адамдар жауапкершілікті толық сезінуі қажет. Әр адам өз денсаулығын сақтау керек, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде Әсет Исекешев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының ықтимал қауіп-қатерлерді талдау және алдын алу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады.

– Қауіп-қатерлерге талдау тұрақты түрде жүргізіледі. Әр сала бойынша мониторинг жасалып, оларды шешу үшін шаралар ұсынылады. Қазіргі негізгі мәселе – коронавирус пандемиясы. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты Кеңестің шешімдерін ескере отырып, жағдайға бақылау жүргізеді, бірқатар мәселелер бойынша нақты ұсыныстар енгізеді. Қылмыстық ахуалға келер болсақ, жалпы республика бойынша қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда 34 пайызға азайған. Жағдай бақылауда. Бірқатар салаларда қылмыстың төмендеу қарқыны байқалап отыр, – деді Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

Хабар 24 телеарнасы