420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді

  • 205
  • UPD: 14:22, 19.08.2020
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп мәлімдеді Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында.

«Шараға орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен облыс әкімдері қатысты. Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің басшылары, Шымкент және Жамбыл облыстарының әкімдері есеп берді», - деп жазды Б.Уәли.

Хабар 24 телеарнасы