420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австрия елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

  • 162
  • UPD: 17:53, 19.08.2020
Австрия елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады ҚР СІМ

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Австрияның Қазақстандағы елшісі Герхард Сайллерді еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.

Тараптар Қазақстан мен Австрияға болған сапарлар туралы пікір алмасып, алдағы екіжақты және көпжақты сипаттағы іс-шаралар жоспарларымен бөлісті.

ҚР СІМ таратқан мәлімет бойынша, дипломаттар тараптардың екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға деген өзара ынталарын атап өтті.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы елшіге Қазақстан-Австрия қатынастарын дамытуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту ісіндегі белсенді қызметі үшін алғыс білдірді.

Елші қазақстан-аустриялық екіжақты күн тәртібінің барлық спектрі бойынша берік және сенімді қатынастардың одан әрі дамуына сенім білдірді.

Хабар 24 телеарнасы