420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Байбек «Nur Otan» жақтастарының лигасымен кездесті 

  • 115
  • UPD: 19:56, 20.08.2020

Кандидаттар белсенді болуы керек. Олар өңірді, ауданды, ауылды дамыту бойынша өз ұсыныстарын жеткізгені жөн. Бұл ретте «Праймериз» ақпараттық жүйесі онлайн режимде үгіт-насихат жүргізуге және дауыс беруге мүмкіндік береді". Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Nur Otan» жақтастарының лигасымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосуға саясаттанушылар, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері және тәуелсіз бірлестіктердің 50-ден астам өкілі қатысты. Олар партияның праймеризін ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын білдірді. Бауыржан Байбек партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Қайта жандандыру» бағдарламасы туралы айтты.  Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының орындалу барысы туралы баяндады. Жиында партия жақтастары лигасының өкілдері де ой-пікір, ұсыныс-тілектерін ортаға салды.

Бауыржан Байбек, «Nur otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

– Елбасы «Диалог. Сенім. Болашаққа нық қадам» атты бағдарламаны ұсынды. Праймериз біз не үшін өткізіп жатырмыз? Ең бастысы, дарынды, білімді, патриоттығы сезімі жоғары азаматтарды әкелу. Халық үшін, мемлекет үшін, қоғам үшін ішкі партиялық іріктеу ол жаңа бастама, ол үлкен реформа.

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы