426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаттанушы: Кей әкім қоғамдық пікірді ескермейді

  • 172
  • UPD: 20:28, 20.08.2020

Елдегі кей әкім командалық басқару әдісімен жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Араларында қоғамдық пікірді де еске бермейтіндері бар. Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Сайыров солай дейді. Оның айтуынша, праймериз әуелі жастар үшін зор мүмкіндік. Сондықтан саясаттанушы жергілікті әкімдіктерге іріктеу процесіне қысым жасамауға шақырды. Егер аймақ басшылары бұл талапты бұзатын болса, жақтастар лигасы оларды жазалап, тіпті партиядан шығару жөнінде ұсыныс енгізеді,  дейді Ерлан Сайыров.

Ерлан Сайыров, ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

– Еліміз жол айрығында тұр. Біз демократияға, әділеттікке және теңдікке деген терең сұраныс туындаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Саяси реформалардың әлеуметтік, трасформациялардың қажеттілігі бүгінгі тұрмыстың басты аспектісі. Өйткені елді сақтап және жетістіктерді арттырудың басқа баламасы жоқ. Сондықтан ең бірінші жергілікті жердегі әкімдер жұмыс стилін өзгертуі керек.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы